Кабинет гостя
Басты бет
  • Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы

  • өңір жастарын
    қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету
    және жас отбасыларды қолдау
  • Жеке кабинет
Өтініштер тізімі

Статистика 2025

Күйлер Саны
Өтініш қаралымда 0
Өтініш қайта қаралымда 0
Өтініш қабылданды 453
Келісім жасалды 0
Өтініш қабылданбады 162
Бермеу туралы шешім қабылданды 0
20 млн теңгеге дейінгі несиелеу
Несиелеу мерзімі 19 жыл
Пайыздық мөлшерлеме 6%
Бастапқы кепілақы 10%
Бағдарлама талаптары:
  • 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматы
  • бағдарламаға қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады
  • соңғы 2 жыл ішінде Қызылорда облысында тұрақты тіркеуде болу
  • өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы
  • төлем қабілеттілігін растау
  • Қатысушының кемінде 6 ай ресми жұмыс тәжірибесі болуы керек (санаттар төменде көрсетілген)

Ақпараттық қызметке қолжетімділік Қазақстан Ұлттық куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына
  • Тұрғын үй қатынастарына басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлеріне

Қажетті құжаттар

Белгіленген нысан бойынша жастарға жеңілдікпен несие беруге арналған электрондық өтініш (бұдан әрі – өтініш)
Білімі туралы құжаттың сканерленген түрі
Еңбек өтілі көрсетілген белгіленген үлгідегі фирмалық бланкідегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген түрі
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттар
Жеке кәсіпкерлер үшін санат бойынша белгілеген жұмыс өтілін растайтын анықтама, санат бойынша көрсеткен жұмыс өтілі уақытына зейнетақы аударымдары туралы анықтама
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге жоқ құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.
Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтырылған пакетін ұсынады

Санаттар бойынша бөлу (салалар бойынша)

мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, мемлекеттік коммуналдық мекемелердің қызметкерлері (құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардан басқа)
мәдениет саласындағы шығармашылық одақтың мүшелері, мәдениет саласындағы мекемелердің қызметкерлері. Сондай-ақ, жас композиторлар, жас музыканттар, жас әртіс-актерлер, жас кинематографистер (актерлер, режиссерлер, сценаристер, операторлар, продюсерлер, суретші-декораторлар), жас жазушылар, жас суретшілер, жас қолөнершілер, жас мүсіншілер, жас дизайнерлер, жас сәулетшілер. Қызылорда облысының спорт саласындағы ұйымдарда еңбек етіп жүрген спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар
жоғары оқу орындарының, қалалық және республикалық ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері
Журналистер, атап айтқанда: тікелей өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлері.
«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысына сәйкес Ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың Қызылорда филиалының қызметкерлері
Екінші деңгейлі банк филиалдарының қызметкерлері.
Жас кәсіпкерлер. Жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда жеке мекемелерде, қоғамдық және волонтерлік ұйымдарда қызмет атқаратын жастар.
Ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері. Соның ішінде, ауылдық жерде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы санатына кірмейтін сала қызметкерлері.
Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн органдар қызметкерлерi, соның ішінде құтқарушылар, өрт сөндірушілер, т.б.; Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн органдар қызметкерлерi, соның ішінде құтқарушылар, өрт сөндірушілер, т.б.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері (сантехник, слесарь, машинист және тағы да басқа мамандықтар бойынша қызметкерлер).

Құжаттарды қабылдау тәртібі

1. Уәкілетті орган Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ашық және бәсекелестік ортада айқындалған өнім берушінің интернет-ресурсында (бұдан әрі – Портал) өтініштерді қабылдаудың басталу және аяқталу күнін көрсете отырып, өтініштерді қабылдау мерзімдері туралы хабарландыруды жариялайды.

2. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын (порталды мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау арқылы) олардың осы бағдарламаның 5.2 және 5.3-тармақтарына сәйкестігін тексереді. Толығырақ

3. Осыдан кейін уәкілетті орган ұпайларды есептеуді жүргізеді және порталда ЭЦҚ қол қоятын Екінші деңгейдегі банкке төлем қабілеттілігін бағалаудан өтуге жолдаманы (бұдан әрі – жолдама) қалыптастыра отырып, ең көп ұпай саны бойынша жеңілдетілген несие алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады. Өтініш берушілердің тізімі ұпайлық жүйені ескере отырып (ең көп ұпай саны бойынша) қалыптастырылады. Ұпайларды есептеу
"Сыр жастары" Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру ережелері мен шарттары бар толық құжатты жүктеп алу

Бейне нұсқаулар

Құқықтық база


©
15